Қысқы спорт түрлерінен алда тағы қандай ірі жарыстар өтеді

903

Олимпиада ойындарынан соң мәресіне жетті. Алайда қысқы маусым толықтай аяқталған жоқ. 

Қысқы спорт түрлерінен алда тағы қандай ірі жарыстар өтеді Фото: olympic.kz

Ақпан-наурыз айларында да спортшылар бірқатар бәсекелерге қатысады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Бүгін Норвегияда шаңғы спортынан жастар арасындағы әлем біріншілігі басталады. Бейжіңде көзге түскен жастардың көбісі тікелей әлемдік додаға аттанбақ. 

Аталған сынға Қазақстан атынан жас спортшылар қатысады. 

Конькимен жүгіруден Қазақстан командасын тағы да үлкен сынақтар күтіп тұр. 3 наурыз күні АҚШ-тың Хамар қаласында әлем чемпионаты өтеді. Надежда Морозова бастаған спортшылар тағы да өз күшін байқап көрмек. 

18 -20 наурыз аралығында шорт-трекшілер Канаданың Монреаль қаласында бас қосады. Мұнда кезекті әлем біріншілігі өтпекші. Әлем кубогі мен Олимпиада қорытындысына қарап, біздің спортшылардың жүлдеге таласатын мүмкіндігі барын байқаймыз. 

Қысқы спорт түрлерінен қазақстандық спортшылар әлем кубогі кезеңдерінде де бақ сынайды. 26-27 ақпан күндері Ресейдің Ярославль қаласында шаңғы акробатикасынан әлем кубогі кезеңі өтеді. Ал могулшылар Жапонияны жетке алады. Бұл күндері кезекті әлемдік дода басталады. 

Сондай-ақ шаңғымен жарысу, шаңғымен тұғырдан секіру және шаңғы қоссайысынан спортшыларды халықаралық жарыстар күтуде. Бұл туралы ақпарат кейін белгілі болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу