Қытай 70 вагондық жүк пойызын Қазақстанда сынамақшы

1100

Қорғастан шыққан ұзын құрамды пойыз Алтынкөлге жетіп тоқтайды.

Қытай 70 вагондық жүк пойызын Қазақстанда сынамақшы

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" акционерлік қоғамының баспасөз қызметі Қорғастан Алтынкөл стансасына 70 вагондық ұзын құрамды пойыз алғаш рет аттанғанын хабарлады. Осылайша қос тарап Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстан, Иран, Ауғанстан, Әзірбайжан, Грузия және Еуропа елдеріне жеткізілетін Қытай тауарларының көлемін арттырмақшы.

Сыйымдылығы бұрғынғы пойыздардан әлдеқайда үлкен үлкен құрам кері бағытқа да жүк тиеп қайтады. 

"2019 жылдың 9 айында аталған шекаралық өтпе арқылы Қазақстаннан Қытайға 390 мың тоннадан астам жүк тасымалданды. Бұл 2018 жылғы кезеңнен 54% артық. Ал Қытайдан Қазақстанға  2,5 миллион тонна жүк шығарылған. Өсім – 56%. Жыл сайын екі арада қатынайтын контейнерлік пойыздар саны артып келеді. 9 айдың ішінде Қазақстанға Қорғас стансасы арқылы 1076 пойыз өткен.  Бұл былтырғыдан 48% артық" – делінген компанияның баспасөз-мәліметінде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу