Қытай АЭС салу бағасын Ресейге қарағанда арзан ұсынған

309

Шығыстағы көрші Қазақстанға атом электр станциясын салу үшін Ресейге қарағанда екі есе арзан бағаға ұсынған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қытай АЭС салу бағасын Ресейге қарағанда арзан ұсынған Фото: pixabay.com

Қытайдың Ұлттық ядролық энергетикалық корпорациясы (CNNC) құрылыс картасын Қазақстанға тікелей көрсеткен.

“Жалпы қуаты 2,4 ГВт болатын екі hpr-1000 реакторы, құны 550 миллион АҚШ долларына бағаланған. Ресейлік "Росатом" бұл жоба үшін 1,2–1,5 миллиард доллар сұрады. Бұл екі есе қымбат! - деп жазады Toutiao авторы.

Бұл туралы OilPrice сарапшылары да жазады.

Жалпы, Қазақстан атом электр станциясын салу үшін әлеуетті мердігерлердің қысқа тізімін жасады. Оған CNNC-тен басқа ресейлік "Росатом", оңтүстік кореялық KHNP (Korea Hydro & Nuclear Power) және франциялық EDF (Électricité de France) кірді. Олардың арасындағы таңдау "экономикалық орындылық, технологиялық сенімділік және экологиялық қауіпсіздікке" қарап жасалатыны атап өтілді.

Қазақстанның Энергетика министрлігі ұсынылған нұсқаларды зерттей келе, атом электр станциясының (АЭС) құрылысы 10–15 миллиард доллар көлемінде қаржыны талап ететінін мәлімдеді. Алайда 2024 жылдың соңында елдің бірінші вице-премьері Роман Скляр материалдар мен қызметтердің қымбаттауына байланысты бұл сома 1,5 есеге дейін өсуі мүмкін екенін ескерткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу