Қытай Айдан жер телімін иеленуі мүмкін

461

Бұған NASA алаңдаулы.  

Қытай Айдан жер телімін иеленуі мүмкін Фото: nasa.gov

Қытай билігі АҚШ-пен ғарыштық жарыста жеңіске жетсе, Айдағы аумаққа құқықтарын талап ете алады. Бұл туралы америкалық ғарыш агенттігінің басшысы Билл Нельсон ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

NASA басшысы АҚШ-тың бұл салада Қытаймен бәсекеге түсіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Politico.

"Біз олардың ең алдымен ғылыми зерттеулердің кейпінде ресурстарға бай аймақтарға бармайтынына көз жеткізгеніміз жөн", - деп мәлімдеді Билл Нельсон.

Аналогия ретінде NASA басшысы Оңтүстік Қытай теңізіндегі жағдайды атап өтті, онда Қытай әскерилері даулы аумақтарда базалар орналастырды.

25 желтоқсанда Қытай аэроғарыштық ғылым және технология корпорациясы (CASC) өздерінің ғарышкерлері 2030 жылға қарай Айға қонатынын және 2030 жылдары Қытай басшылығымен халықаралық Айды зерттеу станциясын құратынын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу