Қытай АҚШ-қа қарсы санкция салды

1395

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Гонконгқа қатысты екі заңға қол қойған болатын.

Қытай АҚШ-қа қарсы санкция салды

Қытай Гонконг заңының қабылдануына жауап ретінде АҚШ-тың бірқатар үкіметтік емес ұйымдарына, соның ішінде Human Rights Watch-қа санкциялар енгізуде. Бұл туралы дүйсенбіде өткен брифингте Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Хуа Чунинг мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Жақында Америка Құрама Штаттары Қытайдың наразылығын елемей "Гонконгта адам құқықтары мен демократияны қорғау туралы" заң қабылдады. Бұл – халықаралық құқық пен халықаралық қатынастардың негізгі нормаларын елеулі түрде бұзу, сондай-ақ ҚХР-ның ішкі істеріне араласу. Пекин осыған байланысты үзілді-кесілді наразылығын білдірді. Бұған жауап ретінде Қытай АҚШ-тың бірқатар үкіметтік емес ұйымдарына, соның ішінде NDI, HRW, Freedom House ұйымына санкция салуға шешім қабылдады", - деді дипломат.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Гонконгқа қатысты екі заңға - "Гонконгтағы адам құқықтары мен демократияны қорғау туралы", сондай-ақ арнайы әкімшілік аймаққа полицияның жекелеген жабдықтарын жеткізуге тыйым салу туралы заңға қол қойды.

Құжаттар Америка Құрама Штаттарының Гонконгке қатысты 1992 жылғы саясат туралы заңына өзгеріс енгізеді және Гонконгтың автономдылық дәрежесіне қарай сауда қатынастарын жыл сайын қайта қарастырады, әрі Вашингтонның осы әкімшілік аймақтағы адам құқықтарының бұзылуына жауапты деп санайтындарына қарсы санкциялары қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу