Қытай АҚШ-тан Шыңжаңға қатысты санкцияны алып тастауды талап етті

915

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі егер Ақ үй тиісті шешім қабылдамаса, билік қарымта қайтаруға дайын екенін мәлімдеді.

Қытай АҚШ-тан Шыңжаңға қатысты санкцияны алып тастауды талап етті

Қытай АҚШ-тан Шыңжаңдағы жағдайға қатысты санкция салу туралы заңның күшін жоюды талап етті, деп хабарлады Atameken Business.

Мәселе мұсылмандардың құқын аяққа таптап, оларды арнайы лагерьде қамап, қысым көрсетуге қатысты болатын. Сондай-ақ, Сыртқы ведомство Ақ үй әкімшілігінен Тайвань, Гонконгке қатысты да елдің ішкі ісіне араласпауды талап етті.

Естеріңізге салайын, кеше Трамп ұйғырларға күн көрсетпегені үшін Қытайға санкция салу туралы заңға қол қойды. Енді Шыңжаңдағы мұсылмандарды азаптауға қатысы бар қытайлар АҚШ-қа өте алмайды. Олардың осы елдегі активтері бұғатталады. Өткен жылы ұйғырлардың құқын аяққа таптап, қысым көрсеткені үшін ҚХР-дың 28 ұйымы қара тізімге енген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу