Қытай әуе компаниялары Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстерді ұлғайтып жатыр

569

2024 жылғы көктем-жаз навигация кезеңінде екі ел арасындағы рейстер саны қолданыстағы және жаңа әуе бағыттары бойынша аптасына 30 рейске дейін артады деп күтілуде.  

Қытай әуе компаниялары Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстерді ұлғайтып жатыр Фото: ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Жақында Азаматтық авиация комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тимур Тлегенов Air China, China Southern Airlines және Loong Airlines қытайлық әуе компанияларының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында China Southern Airlines әуе компаниясы 2024 жылғы 23 қаңтардан бастап аптасына 3 рейс жиілігімен Алматы – Бейжің бағыты бойынша рейстер ашатынын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар сұраныс артқан кезде China Southern Airlines әуе компаниясы Алматы қаласынан Үрімші және Сиань қалаларына, сондай-ақ Астана қаласынан Үрімші қаласына 2024 жылдың көктемгі-жазғы маусымынан бастап қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын ұлғайту мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін жеткізді. Loong Airlines әуекомпаниясы биыл желтоқсан айында Алматы – Ханчжоу бағыты бойынша орындалатын рейстер санын аптасына 3 рейстен 4 рейске дейін арттырмақ.

Келесі жылы жолаушылар ағыны артқан жағдайда әуе компаниясы рейстер санын аптасына 7-ге дейін арттыруды көздеп отыр. Сондай-ақ әуе компания 2024 жылы Астана – Ханчжоу, Астана – Ченду және Алматы-Ченду әуе бағыттары бойынша рейстерді ашу мәселесін пысықтауда. Air China әуекомпаниясы да Астана – Сиань – Пекин бағыты бойынша орындалатын рейстер санын аптасына 2-ден 3-ке дейін ұлғайту мәселесін қарастырып жатқанын хабарлады.

Бұл ретте әуе компания Сиань қаласына қонбай, екі астана арасында аптасына үшінші рейсті тікелей орындау мәселесін де қарастыратын болады.

2024 жылғы көктем-жаз навигация кезеңінде екі ел арасындағы рейстер саны қолданыстағы және жаңа әуе бағыттары бойынша аптасына 30 рейске дейін артады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу