Қытай банкі "Самұрық – Қазынаға" берген несиесінің өтеу мерзімін ұзартты

586

Қытай банкі "Самұрық – Қазынаға" берген несиесінің өтеу мерзімін ұзартты

"Самұрық – Қазына" ҰӘҚ ICBC-мен  "ҚМГ Қашаған Б.В." ЖШЖК жобасына тартылған қарыздың өтеу мерзімін ұзарту туралы келісті, деп хабарлайды қордың қоғаммен байланыс департаменті.

Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов бастаған "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының делегациясы "Қытай сауда-өнеркәсіп банкі" ("Industrial and Commercial Bank of China Limited", әрі қарай - ICBC)  директорлар кеңесінің төрағасы И Хуэйманмен кездесті. Екіжақты кездесу Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚХР мемлекеттік сапары аясында өтті.

Кездесу барысында "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов ICBC директорлар кеңесінің төрағасы И Хуэйманмен банк тарапынан қорға 2015 жылы берілген займның сыйақы мөлшерлемесін төмендету және оны өтеу мерзімін 2022 жылдың соңына дейін ұзарту туралы келісті.

Сонымен қатар тараптар "Самұрық-Қазына" АҚ мен "Қытай сауда-өнеркәсіптік банкі" арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды және болашақтағы басымдықтарды талқылады. Директорлар кеңесінің төрағасы И Хуэйман ICBC үш салада ынтымақтастыққа мүдделі екендігін жеткізді: біріншісі – облигацияларды орналастыру, екіншісі – стратегиялық инвестор ретінде Қор активтерін жекешелендіру бағдарламасына қатысу және үшіншісі – нақты жобаларды қаржыландыру.

Кездесу соңында, "Самұрық-Қазына" АҚ басшысы Ахметжан Есімов Қытай өкілдеріне ризашылығын білдірді және бірлескен жұмысқа, қор жобаларын жүзеге асыруға қатысуға деген ниеті мен сенімі үшін алғыс айтты және болашақта қордың компаниялар тобы Гонконг және Шанхай қор нарығына шығуы мүмкін екендігін атап өтті.

Айта кетсек, 2015 жылы "Самұрық-Қазына"ҰӘҚ"  АҚ "ҚМГ Қашаған Б.В." ЖШЖК акцияларының 50%-ын 1,5 млрд АҚШ долларына сатып алу бойынша мәмілені қаржыландыру үшін 5 жылдық синдикатталған заем тартты, онда  ICBC қаржыландыруды уәкілетті жетекші ұйымдастырушылардың бірі ретінде болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу