Қытай Айдың арғы бетінен алынған топырақты БҰҰ-ға тапсырды

721

Үлгілер Вена халықаралық орталығында таныстырылып, тұрақты көрмеге қойылды.  

Қытай Айдың арғы бетінен алынған топырақты БҰҰ-ға тапсырды Фото: cn.com

Қытай топырақ үлгілерін БҰҰ-ның Венадағы штаб-пәтеріне салтанатты түрде табыс етті, деп жазады inbusiness.kz сайты "Синьхуа" агенттігіне сілтеме жасап. 

Қытай ұлттық ғарыш басқармасының басшысы Шань Чжундэ бұл қадам халықаралық ынтымақтастық пен ғарышты бейбіт мақсатта игеруге деген ұстанымды көрсететінін айтты. БҰҰ өкілдері Ай топырағын адамзаттың технологиялық жетістігінің символы деп бағалады.

2024 жылы "Чанъэ-6" миссиясы Айдың Оңтүстік полюс – Эйткен бассейнінен шамамен 2 келі топырақ үлгісін Жерге жеткізген. Бұл Айдың арғы бетінен алынған алғашқы үлгі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу