Қытай дәрігерлері 4,2 мың шақырым қашықтықтан көзге ота жасады

81

Операцияны жүргізу үшін арнайы робот қолданылды.  

Қытай дәрігерлері 4,2 мың шақырым қашықтықтан көзге ота жасады Фото: Yeni Şafak

Қытай офтальмологтары 4,2 мың шақырым қашықтықтан әлемдегі алғашқы роботтандырылған көз операциясын сәтті өткізді. Бұл туралы жергілікті БАҚ жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Чжуншань офтальмологиялық орталығының дерегінше, ота 2 қараша күні профессор Линь Хаотянь жетекшілігімен жасалған.

Операцияны жүргізу үшін Қытайда жасалған офтальмологиялық хирургиялық робот қолданылды. Ол нақты уақыт режимінде Гуанчжоудағы басқару орталығы мен Үрімшідегі хирургиялық бөлімшені байланыстырған. Осылайша дәрігерлер пациентке қашықтан манипуляциялар жасауға мүмкіндік алды.

Робот пациенттің көзіне микроине енгізгеннен кейін, Гуанчжоудағы мамандар оны алыстан басқарып, зақымданған аймақтың тор қабығына дейін жеткізген. Содан кейін ине ұшы белгіленген тереңдікке енгізіліп, дәрі жіберілген. Ота небәрі 7 минутқа жетпей аяқталды.

Мамандардың сөзінше, бұл операция Аспан асты елінде қашықтан жүргізілетін офтальмологиялық хирургияны қолдануға бағытталған маңызды қадам болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу