Қытай-дың СІМ Қазақстанға көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді

2411

Бұған дейін Мұхтар Тілеуберді Қазақстан елдегі тәртіпсіздіктер кезінде ҚХР-дан әскери көмек сұрай алмағанын айтқан еді.

Қытай-дың СІМ Қазақстанға көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді

Қытай Қазақстанға ресми Нұр-Сұлтанның қажеттіліктеріне сәйкес және өз мүмкіндіктері шеңберінде көмек көрсетуге дайын, Бейжің Қазақстан экономикасын дамытуға және бейбітшілікті қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолдайды. Қытайдың сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Чжао Лицзян осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұған дейін Қазақстан СІМ-нің басшысы Мұхтар Тілеуберді Қазақстан елдегі тәртіпсіздіктер кезінде ҚХР-дан әскери көмек сұрай алмады. Өйткені бұған құқықтық негіз жоқ деп мәлімдеген еді. Бірақ ресми Нұр-сұлтан мен Бейжің тәртіпсіздіктің алғашқы күндерінен бастап байланыста болғанын жариялады. 

"Қытай мен Қазақстан – достас елдер әрі стратегиялық әріптестер. Қытай Қазақстанмен тығыз байланыста, Бейжің қазақстандық тараптың сұрауы бойынша және өз мүмкіндіктері шеңберінде көмек көрсететін болады", – деді қытайлық дипломат.  

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу