Қытай экономикасының қарқыны күшейді

757

2021 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша ел экономикасы 18,3%-ға өсті. 

Қытай экономикасының қарқыны күшейді

Мамыр айында Қытай экспорты бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 28%-ға жуық өсті,деп хабарлайды Inbusiness.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап. Импорт 51,1%-ға артты, бұл 2010 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Бір айдағы сауда профициті 45,5 миллиард доллар болды. 

Қытай тауарларына деген сұраныс артуда, өйткені бірқатар ел оқшаулану режимінен біртіндеп шығып жатыр. Экономиканың осылай белсенді қалпына келуі тауарларға деген сұранысты арттырып, сондай-ақ олардың бағасының айтарлықтай өсуіне ықпал етті.

Қытай мен АҚШ арасындағы тауар айналымы бес айда 52,3 пайызға өсіп, 279,64 миллиард доллар болды.2021 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қытай экономикасы 18,3%-ға өсті (рекордтық көрсеткіш) , ал өткен жылдың дәл осы кезеңінде 6,8%-ға төмендеген еді.

Экономиканың өсуіне бірнеше фактор себеп болып отыр. Олардың қатарында ішкі сұраныстың артуы, еңбек нарығындағы тұрақтылық, өндірістің жоғары өнімділігін қамтамасыз ету сияқты факторлар бар.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу