Қытай экономикасының тұрақты өрлеуі долларға қауіп төндіріп келеді

905

Қытай экономикасының тұрақты өрлеуі долларға қауіп төндіріп келеді

Болашақта доллар бағамы әлем бойынша құлдырайтын болады, өйткені, геосаяси жағдай осы уақытқа дейін үстемдік етіп келген америкалық көк қағаздың басқа баламасын іздеуге мәжбүр етіп отыр, деп хабарлайды islam.kz.

Saxo Bank қаржы мекемесінің бас стратегі Джон Харди доллардың келешегіне теріс әсерін тигізетін үш негізгі катализатордың астын сызып тұрып, атап көрсетті: Валюта нарығы тұрғысынан алғанда макроэкнономикалық шолу бойынша әлемнің "құдыретті" доллардан бас тартуына әлем экономикасында және қаржы нарығында маңызды рөл ойнайтын Қытай экономикасының тұрақты түрде өрлеуі бірінші себеп болмақ. Ал екінші себепке келсек, Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына байланысты қалыптасқан геосаяси күрделі ахуал. Солтүстік Корея төңірегіндегі саяси дау-дамай Қытай мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қатынасқа сызат түсіруі әбден мүмкін. Бұл өз кезегінде доллардың әлемдік валюта мәртебесіне соққы болмақ. Сондай-ақ, Жапонияның да сыртқы саясатта өз векторын енгузіге талпынысы бұл мәселеде өз ықпалын тигізбек. Үшінші себеп: Еуроодақ пен АҚШ арасындағы альянстың әлсіреуі де америкалық валютаның ығысуына септігін тигізбек.

Сарапшының айтуынша, таяуда АҚШ бюджетінің жете бағаланбаған тапшылығы орын алады. Бұл өз кезегінде АҚШ федералды қор жүйесінің қатаң монетарлық саясатқа көшуіне итермелейді. Яғни, аталған қор шешуші ставканы көтеретін болады. Сонымен қатар, доллардың әлемдегі бағамының құлдырауына аса ірі мұнай өндіруші Сауд Арабиясы да өз ықпалын тигізбек. Нақтырақ айтқанда, әлемдегі аса ірі мұнай импорттаушы Қытаймен енді доллармен емес, юанмен (Қытайдың ұлттық валютасы) есеп айырысуға көшеді. Бұл турасында америкалық консалтингтік High Weighted Economic Review фирмасының экономисі Карл Вайнберг CNBC ақпарат көзіне берген сұхбатында мәлімдеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу