Қытай экспорты күтпеген жерден рекордтық қарқынмен құлдырады

685

Қытайдың экспорты қазан айында құлдырады, мұндай жағдай соңғы рет 2020 жылдың ортасында тіркелген, деп хабарлады елдің кеден органдары.  

Қытай экспорты күтпеген жерден рекордтық қарқынмен құлдырады Фото: ZUMA Press

Әлемдегі екінші ірі экономиканың экспорттық операциялары көлемінің құлдырауы ішкі өсудің баяулауымен және жаһандық рецессия қаупімен байланысты, деп хабарлайды inbusiness.kz France-Presse (AFP) сайтына сілтеме жасай отырып.

ҚХР Бас кеден басқармасының мәліметі бойынша, өткен айда экспорт жылдық есептеуде 0,3%-ға төмендеді, бұл қыркүйектегі өсіммен салыстырғанда 5,7%-ға төмен.

Жылдық есептеуде импорт қазан айында 0,7%-ға төмендеді, бұл осы жылдың наурыз айынан бері алғашқы теріс көрсеткіш.

ҚХР-ның сыртқы саудасының баяулауына әлемде энергия бағасының күрт өсуіне байланысты Қытай тауарларына жаһандық сұраныстың әлсіреп, Америка Құрама Штаттары рецессия қаупіне тап болуы себеп болды. Оған қоса Covid-19 инфекциясының өршуіне байланысты шектеулер жергілікті кәсіпкерлердің жұмысына кері әсерін тигізіп отыр.

 

Bloomberg сауалнамасына қатысқан сарапшылар қазан айында экспорттың 4,3%-ға өсуін болжады, ал ішкі сұраныстың әлсіреуі жағдайында импорт көп болса 0,1%-ға ғана көтеріледі деп күтті.

 

Алайда ресми деректер керісінше Қытайдағы өндірістік нысандардың белсенділігі қазан айында төмендегенін көрсетті. Зауыттық қызмет осы жылдың басында Шанхай, Шэньчжэнь мен Чэнду сияқты ірі өнеркәсіптік қалалардың коронавирусқа қарсы ауқымды шектеулерге байланысты жабылуынан қатты зардап шекті.

 

ҚХР Үкіметі келесі жылы экономикалық өсуді жылдық есепте 5,5%-ға жеткізуді мақсат тұтып отыр, бірақ мамандар мақсатқа жету қиынға соғады деп санайды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу