Қытай елшісі Жаңаөзендегі митингке қатысты пікірін айтты

1166

Қазақстандықтардың қытайлықтарға қарсы бағытталған жағымсыз пікірін қоздыруға үшінші тарап күштері атсалысқан.Қытайдың Қазақстандағы елшісі осындай пікірде. 

Қытай елшісі Жаңаөзендегі митингке қатысты пікірін айтты Фото: sputniknews.kz

"Қазақстанда Қытай зауыттарын салуға қарсы митингілерінің болуына үшінші тарап күштері әсер еткен",- дейді Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо.

"Митинг Қазақстан президентінің Қытайға сапары қарсаңында ұйымдастырылды. Қос тарап бұл кездесуге қызу дайындық жүргізіп жатыр. Сондықтан мен мұндай әрекеттер осы маңызды оқиғаға қарсы бағытталған деп айта аламын", - деді Чжан Сяо журналистерге берген сұқбатында.     

"Бұл наразылық шараларының артында халықты көтеріп жіберген белгілі бір күштер тұр. Олардың көздегені қазақ халқын қытайлықтарға қарсы қойып, екіжақты қарым-қатынастардың дамуына кедергі келтіру", - дейді дипломат. 

Оның айтуынша, бас көтерушілердің "Қытай Қазақстан территориясын басып алады" және "Қытай халқы Қазақстанға көшіріледі" деген пікірлері қисынсыз.

Естеріңізге сала кетейік, Жаңаөзенде жүздеген адам қытайлық 55 зауыттың еліміздегі құрылысына қарсы митингке шыққан болатын. Сонымен қатар еліміздің Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында да бұған қарсы митингтер өтті. 

Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қыркүйек күндері Қытайға іссапармен бармақ. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу