Қытай ғарыш кеңістігінде картоп пен бидайды өсіріп шығарды

564

Ғарышта барлығы 14 түрлі өсімдік өсіріліп жатыр.  

Қытай ғарыш кеңістігінде картоп пен бидайды өсіріп шығарды Фото: CCTV

Осылайша көршілес ел ғарыш станциясында ауыл шаруашылығы дақылдарын ауқымды көлемде өсіре бастады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қытай ғарышкерлерін даярлау орталығының мәліметінше, "Тяньгун" ғарыш станциясында салат жапырағы, сәбіз, күнбағыс, картоп және бидай өсіріліп жатыр. 2025 жылы станцияға өсімдіктерді аэропоника әдісімен, яғни топырақсыз өсіруге арналған тиімділігі жоғары қондырғы жеткізілді.

Бидай ғарышта өсудің толық циклінен өтіп үлгерді. Қазір жиналған тұқымнан алынған екінші өнімнің де түсімі жақындап қалды.

Орталықтың мәліметінше, станцияда өсімдіктерді өсіруге арналған екі жүйе тұрақты жұмыс істейді. Оның бірі арнайы субстратты пайдаланса, екіншісі аэропоника әдісіне негізделген. Бұл жүйелер суды, ауаны және азық-түлікті тікелей ғарышта алып, қайта өңдеуге мүмкіндік беретін тұйық тіршілікті қамтамасыз ету жүйесін әзірлеу үшін қолданылып жатыр.

Эксперименттердің басты мақсаты – өмірді қамтамасыз ететін автономды жабық жүйе құру. Ол ғарышкерлерге ұзақ миссиялар кезінде тікелей кеме бортында азық-түлік өндіруге, сондай-ақ су мен оттегіні қайта өңдеуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу