Қытай кәсіпорындағы дефляция әлемдік экономиканы артқа тартады

990

Қытайда өндірушілер бағасының индексі төмендеп кетті. Көрсеткіш ел экономикасы өсімінің қысқарып бара жатқанын, ал бұның әлемдік экономикаға дефляциялық қысым көрсететінін білдіреді. 

Қытай кәсіпорындағы дефляция әлемдік экономиканы артқа тартады

Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша, тамыз айында кәсіпорын бағалары өткен жылмен салыстырғанда 0,8 пайызға қысқарған. Тұтынушы бағасының индексі 2,8 пайызға көтерілген. 

Осы орайда өткен аптада елдің Орталық банкі қолдағы қаражатты қысқартуды қолға алған болатын. Бірақ кей сарапшылардың ойынша, елдегі сұранысты ынталандыру үшін қосымша шаралар қабылдануы қажет. 

Калифорния университетінің профессоры Виктор Ши: "тұтынушы бағасының позитивті индексі мен өндірушілер бағасының негативті индексінің әсерін көлік өндірушілері мен IT саласындағы фирмалар сезіп отыр", – деді. 

Оның айтуынша, сауда соғысы фирмалардың бағаны белгілеу қабілетін әлсіретіп отыр. Өйткені өндірушілер азық-түлік бағасының өсуіне байланысты қызметкерлерінің жалақысын көтеруге мәжбүр. Салдарынан кейбір фирмалар қаржылық қиындықтарға тап болуы мүмкін. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу