Қытай қазанда мұнай өндірісін 0,3%-ға арттырды

1051

Ал газ өндірісін 9,2%-ға өсірді. 

Қытай қазанда мұнай өндірісін 0,3%-ға арттырды

"Синьхуа" агенттігінің мәліметіне сүйенсек, қазан айында өндірілген мұнай көлемі 16,19 млн тонна болды. Ал мұнай өңдеу көлемі 4,1%-ға көтеріліп, 52,13 млн тоннаға жетті.
Осы жылдың қаңтар және қазан айлары аралығында мұнай өнімдерінің көлемі 159,29 млн тоннаға дейін өсті. 

Қазан айында газ импорты 5,7%-ға қысқарып, 9,34 млрд шаршы метр болды. Дегенмен де көрсеткіш 9 ай ішінде 8,4%-ға көтеріліп, 106,8 млрд шаршы метрге жетті. 

Айта кетейік, Қытай – әлемдегі ірі мұнай импорттаушылардың бірі. Елдегі мұнайдың 60%-ын басқа елдерден сатып алады. 2020 жылы Бейжің жылдық мұнай өндірісін 200 млн тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу