Ең төменгі тарифті ұсынған Қытай компаниясы Қазақстанда ЖЭК бойынша аукционды жеңіп алды

521

Қазақстандағы онлайн-аукциондар тарихында алғаш рет қатысушы электр энергиясының бір кВтсағ үшін 13 теңгеден сәл төмен баға ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ең төменгі тарифті ұсынған Қытай компаниясы Қазақстанда ЖЭК бойынша аукционды жеңіп алды Фото: gov.kz

Энергетика министрлігі 2018 жылдан бастап ең төмен тарифпен ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша онлайн-аукцион өткізіп келеді. Мәселен, 2022 жылғы 22 қарашада қуаты 50 МВт жел электр станциясын (ЖЭС) іріктеу бойынша ҚР Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің (Ақтөбе облысы) Солтүстік аймағы үшін жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) бойынша онлайн-аукцион өткізілді.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 10 компания жіберілді. ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2022 жылы 21,53 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға аралығы 21,53-тен 12,99 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жобаның белгіленген қуаты 50 МВт, аукциондық бағасы 12,99 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) "Next Green Energy" ЖШС (ҚХР) жеңімпаз болып анықталды.

Аукцион бағасы 39,7%-ға төмендеді - бұл жақсы нәтиже. Аукциондық сауда-саттық неғұрлым тиімді жобаларды іріктеуге және ЖЭК объектілері өндіретін электр энергиясына нарықтық бәсекелестік бағаларды қалыптастыруға бағытталған.

Аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, "Ecojer" ЗТБ, "KazEnergy" ЗТБ, "Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы" ЗТБ, Qazaq Green қауымдастығы және "ЭҚРҚО" АҚ өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукциондық сауда-саттықтар тиісті нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізілгені атап өтті және аукционды ұйымдастырушы – "ЭҚРҚО" АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының ашықтығын растады.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 18.07.2022 ж. №243 бұйрығымен бекітілген аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес 2022 жылғы 23-29 қараша аралығында белгіленген қуаттылығы 250 МВт көлемінде жел электр станциялары бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарлануда. Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы болып "ЭҚРҚО” АҚ анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу