Қытай көрші елдердің студенттеріне квота бөлмек

925

Қытай Орталық Азия студенттеріне 1200 стипендия бөлуге дайын. Бұл туралы сол елдің төрағасы Си Цзиньпин "Орталық Азия – ҚХР" саммиті барысында айтты.

Қытай көрші елдердің студенттеріне квота бөлмек

Сонымен қатар Қытай басшысы көршілес елдерде жаңа институттар мен Конфуций орталықтарын ашуға дайын екенін білдірді. 

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – ҚХР" саммитіне қатысып отыр. Саммитке ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жаппаров, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон бейнеконференция режимінде қатысып отыр.

Бұған дейін президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли іс-шара қорытындысы бойынша дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына байланысты Бірлескен мәлімдеме қабылданады деп жоспарланғанын мәлімдеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу