Қытай құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді

184

Қытай билігі қандай үлгідегі зымыран сынағанын ресми түрде жариялаған жоқ.  

Қытай құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді Фото: scmp.com

Оқу-жаттығу Тынық мұхитында өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қытай әскері халықаралық суларға оқтұмсығымен жабдықталған құрлықаралық баллистикалық зымыранды сынақ ретінде ұшырды.

Мемлекеттік Xinhua агенттігінің хабарлауынша, 6 шілдеде Қытай Халық-азаттық армиясының әскери-теңіз күштеріне қарасты атом сүңгуір қайығынан ұшырылған зымыран белгіленген теңіз аймағына дәл түскен. Алайда нақты орны жарияланған жоқ.

Бейжің бұл сынақты жыл сайынғы әскери дайындық жоспарының бір бөлігі деп атады. Жаттығудың оның ешбір мемлекетке немесе нақты нысанаға бағытталмағанын мәлімдеді.

Reuters агенттігінің жазуынша, Қытайдың теңізден құрлықаралық баллистикалық зымыран ұшыруы сирек кездеседі. Соңғы осындай сынақ 2024 жылы өткен. Сарапшылардың пікірінше, бұл Бейжіңнің әскери қуатының артып келе жатқанын және аймақтағы белсенділігінің күшейгенінің дәлелі. 

Қытай билігі көрші елдерді сынақ алдында алдын ала хабардар еткен. Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мао Нин зымыран ұшыру "басынан аяғына дейін қауіпсіз, кәсіби және барлық стандартқа сай өткенін" айтып, басқа мемлекеттерді бұл оқиғаны "артық саясаттандырмауға" шақырып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу