Қытай Қырғызстанда күн және жел электр станцияларын салуға 1 млрд доллар құюға дайын

414

Тараптар диалогты жалғастыруға ниетті.    

Қытай Қырғызстанда күн және жел электр станцияларын салуға 1 млрд доллар құюға дайын Фото: fergana.agency

Қырғыз Республикасы Инвестициялар бойынша агенттігінің  басшысы Равшанбек Сабиров China Energy Engineering Investment компаниясының делегациясымен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесуге China Energy International халықаралық блогының басқармасының төрағасының орынбасары Сюэ Данфэн, сондай-ақ Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетіне қарасты "Жасыл энергетика қоры" мемлекеттік мекемесінің директоры қатысты. Тараптар қайта жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастық және елде инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Қытай тарапы жалпы қуаты 700 МВт-қа дейін болатын күн және жел электр станцияларын салуға 1 млрд долларға дейін инвестиция салуға қызығушылық танытты (500 МВт – күн электр станциялары, 200 МВт – жел электр станциялары).

Кездесудің нәтижесі бойынша тараптар диалогты жалғастыруға дайын екендіктерін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу