Қытай маска сатудан ондаған миллиард доллар пайда тапты

828

2020 жылдың сәуірінде бір медициналық масканың экспорттық бағасы 2019 жылдың желтоқсанындағы көрсеткішпен салыстырғанда 720%-ға өскен.

Қытай маска сатудан ондаған миллиард доллар пайда тапты

Қытайлық компаниялар 2020 жылы медициналық маскалар мен басқа да жеке қорғаныс құралдарын экспорттаудан шамамен 90 миллиард доллар тапты, деп хабарлайды Inbusiness.kz Петерсон әлемдік экономика институтының (PIIE) есебіне сілтеме жасап.

Жеке қорғаныс құралдарын басқа елдерге сатудан түскен қаржы көлемі 88,1 миллиард доллар болды. Компаниялар 2019 жылы 22,9 миллиард доллар өндірген еді. Оның 53,8 миллиард доллары маскалар мен респираторларды, 16,8 миллиард  доллары бетке арналған қалқандарды, 10,8 миллиард доллары қорғаныс киімдерді, 3,9 миллиард доллары қолғаптарды сатудан түскен.

2020 жылдың сәуірінде бір медициналық масканың экспорттық бағасы 2019 жылдың желтоқсанындағы көрсеткішпен салыстырғанда 720%-ға өскен. Былтыр Қытайдан мұндай тауарларды сатып алған негізгі импорттаушылар – АҚШ пен Еуропалық Одақ. 

Табиғат Нұрболат

Фото: Unsplash.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу