Қытай мен АҚШ сауда дауы саябырсып келеді

811

Ресми Бейжің бірқатар америкалық тауарды 17 қыркүйектен бастап баж салығынан босататынын мәлімдеді. 

Қытай мен АҚШ сауда дауы саябырсып келеді

ҚХР Мемлекеттік кеңесінің тарифтер бойынша комитеті тауарлардың екі тізімін жариялады. Бірінші тізімге 12 тауар енгізілді, ішінде жоңышқаның ұнтағы, балық ұны мен жағармай бар. Екіншісінде іріткі мен қалып майлағышы бар. 

Осы тауарлар 2019 жылдың 17 қыркүйегінен бастап 2020 жылдың 16 қыркүйегіне дейін баж салығынан босатылады. 
Естеріңізге сала кетейік, бір апта бұрын АҚШ пен Қытай сауда келіссөздерінің он үшінші раундын қазан айының басында Вашингтонда өткізуге келіскен болатын.

2019 жылдың 15 мамырында Трамп америкалық коммуникациялық  инфрақұрылымдарды сыртқы қатерлерден қорғау мақсатында төтенше жағдай режимін енгізді. Осы орайда елдің Сауда министрлігі қытайлық Huawei компаниясын қара тізімге енгізген еді. 

Бейжің де, Вашингтон да басқа елдердің оларды сауда соғысының өршуі және әлемдік экономикаға зиян келтіргені үшін кінәлауын қаламайды. Құрама Штаттар Сауда министрлігінің бұрынғы қызметкері Чжоу Сяомин Bloomberg-ке берген сұхбатында осылай деді. Оның ойынша, келіссөздер қос тараптың мәмілегеге келетінін не олардың арасындағы шиеленістің тез арада басылатынын білдірмейді.  Екі алпауыт 1 қыркүйектен бастап бір-біріне салынған салық көлемін көтерген еді. Сондай-ақ олар 15 желтоқсаннан бастап баж салығын өсіруді жоспарлап отыр. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу