Қытай мен АҚШ сауда келісімінің екінші кезеңін талқылауды бастады

1026

Бірақ әзірге оның жай-жапсары туралы нақты ештеңе айтылмады. 

Қытай мен АҚШ сауда келісімінің екінші кезеңін талқылауды бастады

Құрама Штаттардың вице-президенті Майкл Пенс келіссөздердің еркін, әділ және өзара тиімді сауда қарым-қатынас құруға бағытталғанын жеткізді. 

15 қаңтарда Вашингтон қаласында тараптар келісімнің бірінші кезеңіне қатысты құжатқа қол қойған болатын. Бұл туралы Fox News басылымы жариялады. Келісімге Ақ үй басшысы Дональд Трамп пен Қытайдың Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Лю Хэ қолдарын қойды.  
Қос алпауыт жасасқан мәміле бойынша, алдағы екі жылда Қытай құны 200 млрд доллар болатын америкалық тауарларды сатып алуы тиіс. Олар: өнеркәсіптік өнімдер, ауыл шаруашылығы тауарлары, мұнай және көмір. 

Өз кезегінде америкалық қаржы институттары қытайлық нарыққа кіру мүмкіндігіне ие болады. Бейжің 1 сәуірге дейін елдегі сақтандыру секторы, құнды қағаздар мен фьючерстер нарығында шетелдіктердің болуын шектейтін ереженің күшін жоймақ. 

Дегенмен америкалықтар бұған дейін құны 360 млрд доллар болатын  қытайлық тауарларға салған баж салығының күшін жоймайтын болды. Бірақ Ақ үй оны көтеру туралы ешқандай мәлімдеме жасамады. Құрама Штаттардың қаржы министрі Стивен Мнучиннің айтуынша, салықты төмендету мәселесі келісімнің екінші кезеңін талқылау кезінде қарастырлуы мүмкін. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу