Қытай мен АҚШ сауда көлемі 14%-ға қысқарды

1415

Қытай АҚШ-қа $275,5 млрд тауар экспорттап, аталған елден $80 млрд-тан сәл артық тауар сатып алған. 

Қытай мен АҚШ сауда көлемі 14%-ға қысқарды

Осы жылдың алғашқы сегіз айының қорытындысы бойынша Қытай мен АҚШ сауда көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13,9%-ға қысқарып, 355,6 млрд долларды құрады, деп хабарлайды Интерфакс.

Қытай АҚШ-қа $275,5 млрд тауар экспорттап, аталған елден $80 млрд-тан сәл артық импорт жасады. Қаңтар айынан тамыз айына дейін Қытайдың сыртқы сауда айналымы 3,6% артып, 20,23 трлн юань ($2,87 трлн) құраған. Бұл ретте экспорт жылдық есеппен 6,1%, яғни 10,95 трлн юанға ($1,56 трлн) дейін өсті, импорт 0,8%-ға көтеріліп, 9,18 трлн юанды ($1,31 трлн) құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу