Қытай мен АҚШ сауда соғысын уақытша тоқтатады

631

Дегенмен уақытша ымыраның қанша уақытқа дейін жалғасатыны белгісіз. 

Қытай мен АҚШ сауда соғысын уақытша тоқтатады

Қос тарап 28-29 маусымда Осака қаласында өтетін G20 саммитінде ымыраға келмекші.

Өткен жылдың шілде және қыркүйек айларында Вашингтон мен Бейжің өзара кеден салығын салған болатын. Енді Құрама Штаттар саммит қарсаңында қытайлық тауарларға қосымша салық салмайды. Дегенмен уақытша ымыраның қанша уақытқа дейін жалғасатыны белгісіз. Кейбір сарапшылар 6 айға дейін созылуы мүмкін деп топшылап отыр.

Халықаралық валюта қорының хабарлауынша, 2020 жылға дейін АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы салдарынан әлем экономикасының көлемі 0,5 пайызға қысқаруы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу