Қытай мен Қазақстан азаматтары 400 тонна тұзшаян алып өтпек болған

757

Алматыда тұзшаян сатқан контрабандалық топтың жетекшілері сотталды. 

Қытай мен Қазақстан азаматтары 400 тонна тұзшаян алып өтпек болған

Ғылымда артемия салинасы деп аталатын тұзды көлдердің шаяны балық және құс шаруашылығында, фармакология мен косметологияда сұранысқа ие. Сондықтан оны контрабандалық тәсілмен өткізу жиі кездеседі. Қазақстан аумағында аталмыш тіршілік иелері Каспийдің шығыс жағалауында, Теңіз, Балқаш, Ақсор, Маралды көлдерінде кездеседі. Осынау сирек органзимді заңсыз тасымалдаған қылмыстық топ ұсталған болатын. Алматы қаласының Экономикалық тергеу департаменті осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. 

Құзырлы органның мәліметі бойынша, трансұлттық қылмыстық топ заңсыз тасымалдаған контрабандалық тауардың (артемия салинасы) бағасы 470 миллион теңгеден астам көрінеді. Күдіктілер – Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасының азаматтары. 

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тауарларды контрабандалық жолмен өткізу кезінде ҚР аумағынан шығаруға тыйым салынған, жалпы салмағы 400 тоннадан асатын биологиялық ресурстар табылған көліктер ұсталды. Алматы қаласының мамандандырылған сотының үкімімен 4 айыпталушы Қылмыстық кодекстің 234 бабы 2-бөлімінің 3-тармағы бойынша, 264 баптың 1 және 2-бөлімі бойынша,  214 баптың 2-бһлімі бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылдан 10 жылға дейін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды", - деп жазады Қаржы мониторингі комитетінің  баспасөз қызметі.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу