Қытай мен КХДР екіжақты байланысты нығайтуға кірісті

1703

Си Цзиньпин Солтүстік Кореяға келді. Бұл соңғы 14 жылдағы – алғашқы ресми сапар.

Қытай мен КХДР екіжақты байланысты нығайтуға кірісті

Осыған дейін 4 мәрте Бейжіңде кездескен тараптар экономика және сауда қатынастарына ерекше назар аударып отыр, деп хабарлайды ATAMEKEN BUSINESS. Себебі Қытай – кәрістердің ең басты сауда серіктесі. Екі елдің қарым-қатынасының тарихы тереңде болғанмен, соңғы 10 жылда Пхеньянның ядролық амбициясы күшейіп кеткендіктен, Бейжің байланысты тежеген болатын.

Кейін кәрістерге қарсы халықаралық санкция күшейгендіктен, олар Қытаймен байланысты жандандырып, осы елге балық, текстиль, пайдалы қазбаларын  экспорттай бастады. Си Цзиньпин  Корей түбегін ядролық қарудан арылтып, осы аймақтағы ықпалын арттырғысы келеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу