Қытай мұнай импортын 13,6%-ға арттырды

1175

Қытай мұнай импортын 13,6%-ға арттырды

Қытайда өңделмеген мұнай импорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қазанда 13,6%-ға өсті, деп хабарлайды "Прайм".

ҚХР бас кеден  басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, биылғы жылдың басынан бері Қытай 312,28 миллион тонна өңделмеген мұнай импорттады, ал 2015 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіш – 274,97 миллион тонна. Қытай қазан айында 28,79 миллион тонна мұнай импорттаған. Қыркүйектегі көрсеткіш 33,06 миллион тоннаға болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу