Қытай мұнай сатып алуды 20 пайызға шектеді

981

Енді ОПЕК наурыз айына жоспарлаған кездесуді күні бұрын өткізіп, өндіріс көлемін шектеуге кіріседі.

Қытай мұнай сатып алуды 20 пайызға шектеді

Қауіпті кеселдің кесірінен әлемдегі ең ірі тұтынушы Қытай қара алтынға деген сұранысты күніне 3 млн баррельге дейін азайтты. Салдарынан 20 қаңтардан бері мұнайдың бағасы 10 пайызға түсіп кетті, деп хабарлайды Atameken Business.

Қазір Brent маркалы өнім 55 доллар 59 центке саудаланып жатыр. Ал WTI-дің баррелі – 50 доллар 78 цент.

Енді ОПЕК наурыз айына жоспарлаған кездесуді күні бұрын өткізіп, өндіріс көлемін шектеуге кіріседі. Себебі тәулігіне 14 млн баррель сатып алып отырған елдің сұранысты 20 пайызға дейін азайтуы – нарық ойыншылары үшін ауыр соққы. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, көрші мемлекет импортының мөлшері – Франция, Германия, Италия, Испания, Британия, Жапония және Оңтүстік Корея сияқты 7 ел  сатып алатын көлемді қоса есептегенде бірдей.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу