Қытай нарығына шығу үшін алдымен жапондық бизнес үлгісін үйрену керек

1128

Қытай нарығына шығу үшін алдымен жапондық бизнес үлгісін үйрену керек

Мемлекеттің отандық кәсіпкерлерді Қытай нарығына шығуына қолдау көрсетуі құптарлық іс. Алайда, аспан асты еліне шығатын кәсіпкерлеріміз ондағы интернет пен телеарнадағы жарнаманың тым қымбат болуы секілді көптеген проблемаларға дайын болуы тиіс. Біздің арнамызға берген сұхбатында осылай деген кәсіпкер Райымбек Баталов, бұл кедергілерден қорықпау керек деп есептейді. Себебі, қытай нарығы бүгінгі таңда біздің бизнес үшін өте қажет. Ыңғайлы логистика және қазақстандық тауарға деген Қытай тарапынан сұраныстың артуы таптырмас мүмкіндік. Әйтсе де, көрші елге шығу үшін алдымен жапондық бизнес үлгісін үйрену керек дейді Баталов. Ол үшін алдымен шағын кәсіпорындар кооперацияға айналуы тиіс.

Райымбек Баталов – "Raimbek" холдингі директорлар кеңесінің төрағасы:

"Үкімет тарапынан көп жұмыстар атқарылуда. Елбасы біздегі өнімнің Қытай нарғына шығуына барын салды. Қазір байқағанымыздай Ауылшарушылық министрлігі мен Атамекен  кәсіпкерлердің ұлттық палатасы осы саланы дамытуда. Атқарылған іс те нәтижесіз емес. Ет, бал және өзге де өнімдер Қытайға тасымалданып жатыр. Ендігі мәселе бізде яғни кәсіпкерлерде"

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу