Қытай орбитаға тағы бір спутникті сәтті ұшырды

569

Қытай бейсенбіде ұшырылған Shiyan-10−02 эксперименттік спутнигін орбитаға сәтті шығарды.  

Қытай орбитаға тағы бір спутникті сәтті ұшырды Фото: img2.eadaily.com

Бұл туралы бүгін іnbusiness.kz Қытайдың аэроғарыштық ғылым және технологиялар корпорациясына сілтеме жасап хабарлайды.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, жер серігі бар CZ-3B ("Чанчжэн-3-бэ") зымыранының ұшырылуы елдің оңтүстік-батысындағы Сичан ғарыш айлағынан Бейжің уақытымен 12.43-те (Астана уақытымен 10.43) жүзеге асырылды.

Ғарыш аппаратының орбитаға шығуы осы жылы ҚХР үшін соңғы болды, барлығы корпорация әзірлеген тасымалдаушылардың 54 ұшырылымы жүзеге асырылды. Олардың барлығы сәтті өтті. Жалпы, Қытай биылғы жылы 60-тан астам рет зымыран ұшырып, былтырғы рекордын жаңартты.

Shiyan-10 жаңа технологияларды орбитада сынау үшін пайдалануға жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу