Қытай орман егуге 18 миллиард доллар жұмсауға дайын

614

Ұлттық резервтік орманды ҚХР провинцияларында, Янцзы өзенінің экономикалық белдеуі бойында құру жоспарланған.

Қытай орман егуге 18 миллиард доллар жұмсауға дайын Фото: russian.cri.cn

"Экологиялық құрылыс деп аталған жобаға Қытайдың мемлекеттік Даму Банкі (ҚДБ) 130,8 миллиард юань немесе 18,4 миллиард доллар бөлуге дайын", деп хабарлайды inbusiness.kz РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.

"Несие Янцзы өзенінің бассейнінде ұлттық резервтік орман салу жоспарында көрсетілген провинциялық деңгейдегі барлық әкімшілік бірліктерді толық қамти отырып (2,13 миллион га) орман құруға ықпал етеді", - деп жазды басылым.

Нәтижесінде Қытайдың орман қорының жыл сайын 21,33 млн текше метрге өсуі қамтамасыз етіледі деп күтілуде. Мұндай көлемдегі көк желектер жылына 38,4 миллион тонна бөлінетін көмірқышқыл газының шығарындыларын сіңіре алады деп саналады.

Банк елдің орман өнеркәсібінің ерекшеліктерін ескере отырып, несиелеу мерзімі 40 жылға дейін созылуы мүмкін деп мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу