"Қытай – Орталық Азия" саммиті алдында Астанада талқылау өтті

185

Елордада "Қытай – Орталық Азия саммиті: әріптестікті нығайту және ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері" тақырыбында басқосу болды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Қытай – Орталық Азия" саммиті алдында Астанада талқылау өтті Фото: Kazinform

"Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы достықтың тарихы терең және жыл сайын нығая түспек. Біз бірлесіп ежелгі Жібек жолы бойындағы мәдени қарым-қатынастың тамаша тарауын жаздық. 1992 жылы Қытай Орталық Азия елдерімен алғаш болып дипломатиялық қатынас орнатты, бұл екіжақты байланыстың жаңа дәуірінің бастамасы болды. 30 жылдан астам уақыт ішінде Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып, жан-жақты стратегиялық әріптестік деңгейіне жетті. Бұл қарым-қатынас өзара құрметке, әділдікке, ынтымақтастық пен өзара тиімділікке негізделген жаңа үлгідегі халықаралық қарым-қатынастың жарқын үлгісі", - деді Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Хань Чуньлин видеоүндеу арқылы.

Іс-шараға Қытай Халық Республикасы елшілігінің, Өзбекстанның Қазақстандағы елшілігінің өкілдері қатысты. Одан бөлек Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің бас хатшысының орынбасары, Назарбаев университеті мен Еуразия ұлттық университетінің кафедра доценттері мен профессорлары, Қытайды зерттеу орталығы мен "Талап" қолданбалы зерттеулер орталығының өкілдері және кеңесшілер болды.

"Біз жастар ұйымы ретінде, бүгінгідей іс-шараларды жиі өткізіп тұрамыз. Сол арқылы Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастың дамуына үлесімізді қосқымыз келеді. Бізді екі ел арасындағы жастар елшісі деп айтуға болады. Мүмкіндігінше бүгінгідей іс-шараларды ұйымдастыра отырып, халықтың саммит туралы көбірек білуіне, оның қандай нәтиже беріп жатқанын түсінуіне ықпал етеміз. 2023 жылы өткен "Қытай – Орталық Азия" саммиті аясында Қытай Халық Республикасы Орталық Азия елдеріне толық гранттар бөлді, оның ішінде Қазақстанға 20 грант бұйырды. Бұл — Қытай үкіметінің стипендиясынан бөлек мүмкіндік. Демек, біз алда өтетін саммиттің тиімділігі мен нәтижесін көріп отырмыз", - дейді Қытай жоғары оқу орындарының түлектері қауымдастығының төрағасы, аталған іс-шараны ұйымдастырушы Жамиля Елеусізова. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу