ШЫҰ-ға тағы үш елдің қосылуы Қазақстан экспортына жол ашады

718

ШЫҰ-ға тағы үш елдің қосылуы Қазақстан экспортына жол ашады

Қазақстан Қытай, Пәкістан және Үндістан нарығына отандық өнімін экспорттауы мүмкін. деп хабарлайды 24.kz.

Аймақтық және шекаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – Шанхай Ынтымақтастық ұйымының маңызды міндеттерінің бірі.

Ұйымға Пәкістан мен Үндістан кіргеннен кейін ұйым әлем халқының 44 пайыздан астамын біріктіріп отырған қуатты аймақаралық құрылым болды. Осыған байланысты шекаралық қауіпсіздік пен ұйым кеңістігінде еркін сауда жасау өте үлкен рөл атқарады. Ең ірі көлік бағыттарының бірі – Қытай – Пәкістан экономикалық дәлізі және теңіз деңгейінен 5 мың метр биіктікте орналасқан әлемдегі ең биік таулы асфальтталған Хунджераб шекаралық асуы. Сонымен бірге экономикалық дәліз Қашғар мен пәкістандық терең сулы Гвадар айлағына дейін созылып жатқан жаңа Жібек жолының құрлықтағы және теңіздегі жолдарын байланыстырып отыр.

"Осындай ірі трансшекаралық бағыттардың дамуы Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше барлық елдердің арасындағы тауар айналымын арттыруға мүмкіндік береді, бұл экономикалық қарым-қатынастарды дамыту үшін үлкен мүмкіндік", – дейді сарапшылар.

Демек Қазақстан Қытай, Пәкістан және Үндістанның ірі нарықтарына отандық өнімін экспорттай алады деген сөз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу