Қытай парламентінің басшысы Қазақстанға келеді

197

Бұл туралы Xinhua агенттігі хабарлады.  

Қытай парламентінің басшысы Қазақстанға келеді Фото: senatinform.ru

Қытай Халық өкілдері жалпы жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзи 25-30 мамыр аралығында Қазақстан мен Ресейге жұмыс сапарымен келеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ресми мәліметке сәйкес, сапарлар Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, Ресей Федерациясы Федерация кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко және Мемлекеттік дума төрағасы Вячеслав Володинның шақыруымен өтеді.

Ресейде Қытай парламентінің басшысы екіжақты парламентаралық ынтымақтастық комиссиясының XI отырысына қатысады.

Чжао Лэцзи – Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы. Бұл орган Қытай парламентінің сессияаралық кезеңдегі ең жоғарғы құрылымы саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу