Қытай Пелосиге қарсы санкция салады

498

2 тамызда АҚШ-тың Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Бейжіңнің қарсылығына қарамастан Тайванға сапарлай барған еді.

Қытай Пелосиге қарсы санкция салады

Қытай жақында Тайванға сапарлай барған АҚШ-тың Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси мен оның жақын туыстарына қарсы санкциялар салады. Бұл турады ҚХР-дың Сыртқы істер министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

2 тамызда АҚШ-тың Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайванға барған еді. Ол аралға неліктен келгенін Тайвань әкімшілігінің басшысы Цай Инвэньмен кездесу барысында айтты. Кездесу жабық түрде өтті.

Қытай АҚШ-тың бұл қадамын айыптады. ҚХР-дың СІМ Пелосидің сапарына байланысты "сұрапыл" шаралар қабылданатынын жариялап, АҚШ-тың Қытайдағы елшісіне ескерту жасады. Ресми Бейжің спикердің Тайванға баруы "Бір Қытай" қағидатын және қытай-америкалық коммюникесінің ережелерін бұзып отырғанын мәлім етті.

Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан "Бір Қытай" қағидатын қолдайтынын мәлім етті.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу