15 қыркүйектен бастап Қытайда елге кіру және елден шығуға қатысты жаңа ережелер күшіне енді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Жаңа регламент азаматтардың заңды құқықтарын қорғауға, сондай-ақ Қытайдың егемендігі, қауіпсіздігі мен даму мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған.
Шетелде құқық бұзған немесе экспорттық бақылау талаптарын бұзған Қытай азаматтарына алты айдан үш жылға дейін елден шығуға тыйым салынуы мүмкін. Ал виза рәсімдеу кезінде немесе шекарадан өткенде жалған ақпарат берген шетелдіктерге Қытайға бір жылдан бес жылға дейін кіруге тыйым салынуы ықтимал.
Сонымен қатар, елге кіру және шығу кезінде делдалдық қызмет көрсететін тұлғалар міндетті түрде тіркелуі тиіс. Заңсыз қызмет үшін 750-ден 7500 долларға дейін айыппұл қарастырылған.