Қытай АҚШ-пен су асты соғысына дайындалып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты 24.KZ телеарнасына сілтеме жасап.
Ол үшін Тынық, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхитына мониторинг жүргізіп, картография бағдарламасын бастады. Ауқымды бағдарламаға ондаған ғылыми-зерттеу кемелері қатысады.
Зерттеулер балық шаруашылығы, тау-кен аудандарын барлау сынды азаматтық мақсаттарды ғана емес, сондай-ақ әскери міндеттерді де көздейді.
Сарапшылар: "Мониторинг нәтижесінде алынған деректер АҚШ және оның одақтастарымен соғыс бола қалған жағдайда маңызды рөл атқарады", – деп пайымдайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу