Қытай тағы бір спутникті сәтті ұшырды

513

Жұма күні қытайлық APSTAR-6E телекоммуникациялық спутнигінің орбитаға сәтті шықты. 

Қытай тағы бір спутникті сәтті ұшырды Фото: img3.eadaily.com

Бұл туралы Inbusiness.kz "Чжунго хантяньбао" газетіне сілтеме жасап хабарлады.

Басылымның хабарлауынша, спутник Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сичан ғарыш айлағынан Бейжің уақытымен сағат 02.10-да (13 қаңтарда Астана уақытымен 00.10-да) "Чанчжэн-2-цэ" зымыранының көмегімен ғарышқа ұшырылды. Осымен бұл серияның зымырандары 460-шы рет спутниктерді көкке көтерді.

Салмағы 1,3 тонна болатын APSTAR-6E пайдалану мерзімі 15 жыл. Оны қытай ғарыштық технологиялар академиясы кең жолақты қызмет көрсетуде пайдалану үшін әзірлеген.

Бейжің метеорологиялық, телекоммуникациялық, навигациялық спутниктерді, сондай-ақ Айды игеру технологияларын жетілдіре отырып, Ұлттық ғарыш бағдарламасын белсенді түрде дамытуда. Қытайлық мамандар астероидтар мен Марсты зерттеу жобасын бір уақытта жүзеге асыруда. Орбитада ҚХР ғарыш станциясының құрылысы аяқталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу