Қытай Тайвань аралын қосу үшін әскери қақтығысқа дейін баруы мүмкін

606

Қытай билігі Тайваньды елмен біріктіру үшін әскери күш қолдану мүмкіндігін жоққа шығармайды.  

Қытай Тайвань аралын қосу үшін әскери қақтығысқа дейін баруы мүмкін Фото: news.cgtn.com

Бұл туралы сәрсенбіде баспасөз мәслихатында ҚХР Мемлекеттік Кеңесі жанындағы Тайвань істері жөніндегі кеңсенің ресми өкілі Ма Сяогуан мәлімдеді.

""Біз әскери күш қолданбаймыз" - деп уәде бере алмаймыз. Тайвань Қытайдың бір бөлігі болғандықтан, біз кез-келген амалды қолдануға құқылымыз", - деді ол.

Дегенмен Бейжің Аралмен бейбіт түрде бірігуге бел буып, "бір ел-екі жүйе" қағидатын ұстанатын болады.

"Қытайдың Тайваньға қатысты позициясы өзгерген жоқ", - деп қосты ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу