Қытай Тайвань маңында ауқымды әскери жаттығуларды бастады

664

7 тамызға дейін созылады.

Қытай Тайвань маңында ауқымды әскери жаттығуларды бастады

4 тамызда Қытай әскері Тайвань айналасындағы алты акваторияда ауқымды әскери жаттығуларды бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz қытайлық БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Оқу-жаттығу жергілікті уақыт бойынша 12:00-де басталып, 7 тамызға дейін созылады. Бұған дейін ҚХР билігі Тайвань аралының айналасындағы алты аймақтың әуе жолдары 4-7 тамыз аралығында Қытай Халық-азаттық әскерінің жаттығулары кезінде жабылатынын жариялаған болатын. 

2 тамызда Қытайдың Вашингтондағы елшісі Цинь Ган АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайванға жасаған сапарына Қытай бей-жай қарап отырмайтынын мәлімдеген еді. Сол күні Қытай аралдың айналасында жаттығуларын жүргізе бастады.

Табиғат Нұрболат

Фото: nytimes.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу