Қытай Тайвань маңындағы жаттығулардың жалғасатынын хабарлады

615

Бұған дейін 7 тамызға дейін өтетіні жарияланған еді.

Қытай Тайвань маңындағы жаттығулардың жалғасатынын хабарлады

Қытай әскері АҚШ-тың Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайванға жасаған сапарынан кейін арал маңында басталған жаттығулардың жалғасатынын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Бұған дейін оқу-жаттығулардың 4-7 тамыз аралығында өтетіні жарияланған еді. Әскерилер Тайвань аралының айналасындағы теңіз және әуе кеңістігінде шабуылдау жоспары бойынша жаттығулар жасауын жалғастырады, сүңгуір қайықтар мен әуе шабуылдарының мүмкіндіктерін тексереді.

Оқу-жаттығулардың аяқталу мерзімі жарияланбады.

2 тамызда АҚШ-тың Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньға барған еді. ҚХР-дың СІМ Пелосидің сапарына байланысты қатаң шаралар қабылданатынын жариялап, АҚШ-тың Қытайдағы елшісіне ескерту жасады. Ресми Бейжің спикердің Тайваньға баруы "Бір Қытай" қағидатын және қытай-америкалық коммюникесінің ережелерін бұзып отырғанын мәлім етті.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу