Қытай Таяу Шығыстағы ықпалын күшейтпек

702

Қытай Таяу Шығыстағы ықпалын күшейтпек

Қытай Палестина мен Израил арасындағы келіссөз процесіне араласқысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды islam.kz.

Бұл жайында аталған аймақтағы Қытай халық республикасының елшісі Гона Сиошена мәлім еті.

Қытай елшісі Палестина басшысы Махмұд Аббаспен кездесуі кезінде Бейжіңнің ресми ұстанымын білдірген.

Естеріңізге сала кетейік, Қытай әлемдік алып алты державаның бірі әрі Біріккен Ұлттар Ұйымының вето қоюға құқысы бар Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі. Сарапшылардың пайымдауынша, қытай билігі сириялық дағдарысты және палестина-израил арасындағы жанжалды пайдаланып, Таяу Шығыстағы өзінің ықпалын күшейтуге мүдделі. Өйткені, жуырда ғана бұл аймаққа АҚШ президенті Дональд Трамп келіп кеткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу