Қытай Тәжікстанды Ауғанстанмен шекарасын қорғауда қолдауға дайын

469

Самарқанда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) саммиті өтіп жатыр. 

Қытай Тәжікстанды Ауғанстанмен шекарасын қорғауда қолдауға дайын

Қытай Ауғанстанмен шекараны қорғауды күшейту саласында Тәжікстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын. Бұл туралы бүгін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Самарқандтағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) саммиті аясында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу барысында мәлімдеді.

"Қытай Халық Республикасының төрағасы Құрметті Си Цзиньпин Қытай тарапы Тәжікстанның Ауғанстандағы жағдайға және онымен байланысты аймақтық проблемаларға алаңдаушылығын түсінетінін және шекараны қорғауды күшейту саласындағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін айтты", – деді Рахмонның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Қытай тарапы "Орталық Азия және Қытай Халық Республикасы" тетігі шеңберінде практикалық өңірлік өзара іс-қимылды кеңейтуге өзінің мүдделілігін жан-жақты атап өтті. Ал Рахмон "екі елдің сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, сондай-ақ қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастығының теңдессіз дамуына жоғары баға берді".

Динара Мұрат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу