Қытай университеттеріне грантқа ұсынылған 102 қазақстандықтың тізімі жарияланды

123

Конкурстық іріктеуге 427 үміткер қатысты.

Қытай университеттеріне грантқа ұсынылған 102 қазақстандықтың тізімі жарияланды Фото: brookings.edu

Қорытынды комиссияның шешімімен 102 қазақстандық Қытай Халық Республикасының жетекші жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға ұсынылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Білім беру гранттарын тағайындау туралы соңғы шешімді Қытай тарапы қабылдайды. Грант академиялық оқу ақысын, жатақханада тұруды, медициналық сақтандыруды қамтиды, сондай-ақ студенттерге ай сайынғы стипендия төленеді. Оқу ағылшын немесе қытай тілдерінде жүргізіледі. Үкіметаралық гранттардың әкімшісі болып табылатын "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ өтінімдерді қабылдап, аралық конкурстық іріктеуді жүзеге асырады, – делінген хабарламада.

Тізімдегі тегі, аты-жөндер әліпби тәртібімен орналастырылған. Олардың орналасу реті басымдықты білдірмейді және бір үміткердің екіншісінен немесе өзге үміткерлерден артық екенін көрсетпейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу