Қытай Жапониядан балық әкелуге тыйым салды

654

Фукусима атом электр станциясынан мұхитқа изотоптары бар судың шығуына жауап ретінде осындай шешім шығарды.

Қытай Жапониядан балық әкелуге тыйым салды Фото: AP

Жапонияның "Фукусима" атом электр станциясынан Тынық мұхитына радиоактивті су жіберіле бастағалы Оңтүстік Корея, Қытай елдерінен теңіз өнімдеріне деген қауіп арта түсті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Қытайдың бас кеден басқармасы 24 тамыздан бастап Фукусима-1 атом электр станциясын салқындатқан Тынық мұхитына жиналған суды төге бастағанына байланысты Жапониядан барлық теңіз өнімдерін әкелуге тыйым салғанын жариялады, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Бейжің сондай-ақ "ядролық элементтермен ластанған суды ағызудың денсаулық пен азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндірмеу үшін қажет болған жағдайда тиісті реттеу шараларын динамикалық түрде түзетуге" уәде берді.

Жапония 2011 жылғы цунамиден қираған АЭС-тың реакторларын салқындату үшін жүздеген мың тонна су қолданған. Ол 4 күн бұрын мұхитқа жіберіле бастады.

Ресми Токио су мейлінше залалсыздандырылды деп отыр. Соған қарамастан Қытай да Жапониядан балық өнімдерін импорттауға тыйым салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу