Қытайдың оңтүстігіндегі табиғи апатқа байланысты 1,89 миллионнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Рагас" тайфуны Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясына келіп жетті.
Сұрапыл дауыл секундына 40 метр болатын жылдамдықпен провинцияның Янцзян қаласындағы Хайлин аралына соқты.
Синоптиктердің болжауынша, Рагас батысқа қарай шамамен 20 км/сағ жылдамдықпен жылжып, біртіндеп әлсірейді.
"Рагас" тайфуны Филиппин мен Тайваньда 10-нан астам адамның өмірін қиды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу