Қытайда 11 адам өлім жазасына кесілді

211

Олар – Мин деп аталатын ұйымдасқан топтың мүшелері.  

Қытайда 11 адам өлім жазасына кесілді Фото: xinhuanet.com

Қытайда мұндай қылмыстық іс бойынша алғаш рет өлім жазасы кесіліп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

2023 жылы Мьянма аумағында ұсталған күдіктілерге қатысты сот үкімі былтыр күзде шыққан. 23 адамның 11-і өлім жазасына кесілсе, қалғаны өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Тергеу нәтижесі көрсеткендей, сотталғандар заңсыз ойын бизнесімен айналысып, сall-орталықтар арқылы алаяқтық жасаған.

Қаскөйлердің тұзағына түскен, қытайлықтар 1 млрд 400 млн доллар жоғалтқан. Қомақты қаржысынан қағылғандардың арасында өз-өзіне қол жұмсаған деректер де бар. Кейінгі жылдары алаяқтар айылын жияр емес.

БҰҰ-ның дерегі бойынша, былтыр әлемде қаскөйлердің кесірінен 37 млрд доллар шығын келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу